Елордада жекпе-жек залы қолданысқа берілді
Жекпе-жек залы қолданысқа берілді.
Елордада кезекті спорттық инфрақұрылымның ашылу салтанаты өтті. Спортқа жауапты басқарма кейінгі кезде осылай қаланың шеткі бөліктеріне де спорт кешендерін салуға ерекше екпін жасауда. Жаңадан ашылған зал №7 балалар мен жасөспірімдердер спорт мектебінің игілігіне берілді. Сәйкесінше, бұнда епнді джиу-джитсу, муайтай, грэплинг және таэквондо сияқты бағыттар бойынша шеберлік шыңдауға болады. Ұлттық спортымыз қазақ күресінің де секциясы қарастырылған. Бас-аяғы 200 өрен тұрақты шұғылданады деген жоспар бар. Залдың аумағы 430 шаршы метрді құрайды. «Алдағы уақытта осындай үлгідегі залдар жаңадан ашылған басқа да ықшамаудандарда бой көтереді», - дейді салаға жауапты мамандар.