Әлем чемпионаты. Қазақтың қос қызы финалда кездесті

Әлем чемпионаты. Қазақтың қос қызы финалда кездесті

Ирназарова – әлем чемпионы.Әзербайжан астанасы Баку қаласында нысана көздеуден дүниежүізілік дода жалғасып жатыр.

Жарыстың кезекті күні 10 метрден жылжымалы нысананы көздеу бәсекесі өтті.

Ерекшелігі сол – әйелдер арасындағы сында қазақтың қос қызы финалға шығып, бас жүлдені сарапқа салды. Яғни, Зухра Ирназарова мен Александра Садуақасова ең үздік нәтижені тіркеді. Ал финалда 6:3 есебімен Зухра алға шықты.

Осылайша Зухра Ирназарова әлем чемпионатының жеңімпазы, ал Александра Садуакасова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, екеуі де жеңіс тұғырына көтерілді.

Зухра Ирназарова, әлем чемпионы:

- Әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалдық. Бір ай бойы үздіксіз шеберлік шыңдаған едік. Енді соның жемісін көріп отырмыз. Жарыс алаңында барынша сабырлы болып, өзімді жаттығу кезіндегідей сезінуге тырыстым. Соның арқасында негізгі мақсатыма қол жеткіздім.

Айта кету керек, ұлттық құрама қоржынындағы медальдар саны үшеуге жетті. Бұның алдында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов та стенд атудың трап бағытында аралас жұптық сынға қатысып, қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Жерлестеіміздің осы жетістіктерді тағы қайталайтын мүмкіндігі бар. Өйткені, әлем чемпионаты 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Байрақты бәсекеге 101 елден 1200-ге жуық спортшы қатысып жатыр.