Ұлттық құрама Азия ойындарына аттанды

Жылдың басты бәсекесін биыл Қытайдың Ханчжоу қаласы өткізеді.

Байрақты бәсекеге 500-ден аса спортшымыз қатысады. Бұл өзіндік рекорд.

Аслан Қаженов, тілші:

- Біз қазір Алматы іргесіндегі олимпиадалық даярлау орталығындамыз. Бұл еліміздегі ең ірі спорттық кешендердің бірі. Тіпті Президенттің өзі жуырда арнайы келіп, құрылыстың барысымен танысқан болатын және жақын болашақта толықтай қолданысқа берілуі керек. Айтпағым, алдағы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшыларымыз, оның ішінде 500-ге жуық қыз-жігіт бар, дәл осы жерде бас қосып, ресми шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Салтанатты жиын алдында бізді айнала орналасқан спорттық нысандармен таныстырды. Спортшылар, мамандар көкейдегі сұрақтарын қойды, жауабын алды. Одан кейін министрмен, спорттың басы-қасындағы мамандармен кездесу өтті. 

Алдағы Азия ойындарында ұлттық құрама 30 спорт түрінде медальға қол созады. Оның 8-інде Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады. 

Ермахан Ыбыраймов, Олимпиада чемпионы:

- Өте үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Боксшыларымыз түсініп жатыр ма? Ол жерде басты қарсыластарымыз да болады. Олимпиада жолдамасы да болады. Осыған қатысты пікіріңіз. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов команданы жасақтағынан білесіз. Команда тексерілген. Өты мықты. Сайдың тасындай. Мен жігіттерге де, қыздарға да айттым. Жолдаманы бірінші мүмкіндіктен алыңдар да, олимпиадаға спокойно дайындалыңдар бір сөзбен айтқанда. 

Айта кетейік, Азия ойындары 4 жылда бір өтеді. 2018 жылы Индонияда болған дүбірлі додада жалпы есепте 9-орынға тұрақтадық. Ал биыл қалай да бестікке кіруіміз керек. Осыған байланысты жаттығу жұмыстары қарқынды өтті. 

Әбиба Әбужақынова, дзюдодан ұлттық құрама мүшесі:

- Біз арнайы Ташкентке барып келдік. Жаттығу жиынын өткіздік сол жерде. Сосын өзімізде. Оның алдында Амсетрдамда дайындалдық. Бакуде гранд слэм өтіп жатыр. Өкініштісі, дзюдода екі жарыс қатар өтіп жатыр. Құрама екіге бөлінді. Мәселен, ұлттық құраманың үздігі Елдос Сметов сол жақта белдеседі. Дәл солай күресте де екі жақта өтіп жатыр және осы жағдайлардың кедергілері де бар. 

Жиында жауапты министр алдағы жоспарлар қысқа талқылап, ұлттық құрама спортшывларына сәттілік тіледі.

Ермек Маржықбаев, ҚР Туризм және спорт министрі:

- Қызметке жақында келдіңіз. Жалпы дайындықтың барысымен танысып үлгердіңіз бе? Қалай өткен екен? Ол жағынан өз бапкерлерімізге сенеміз. Спортшылар дайындығы жаман емес. Осы екі үш айда бәрі дайындалып, жақсы нәтижеге жетеді деп ойлаймыз.

Ханчжоу қаласындай құрлықтық дода 23 қырүйек пен 9 қазан аралығында жалғасады. 

Аслан Қаженов, Валентин Лобанов