«Астана» конференция лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді

Биылғы Еурокубок додаларындағы жалғыз командамыз "Астана" тұңғыш рет конференция лигасында ойнайды.

Елордалық команда Загреб қаласына жетіп тоқтады. Бабаян шәкірттері Хорватияның "Динамосымен" сынға түседі. С тобындағы қарсыластардың ойыны бейсенбінің кешінде өтеді. "Астана" футболшылары "Динамомен" биылғы маусымда ойнаған белгілі. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде хорват ұжымы өз алаңында 4:0 есебімен басым түсіп, елордада Қазақстан чемпиондарының қақпасына жауапсыз екі доп соққан еді. Бұл топтағы екінші жұпта чехияның "Виктория Пльзень" командасы мен Косовоның "Балқаны" кездеседі.