Ел аралап жүрген «Шахмат керуені» Павлодарға жетті
Жарыс қаланың бас сахнасында өтті.
Жиырма шахматшы бақ сынаған турнирде 33 жастағы Бақыт Жанғабылов үздік деп танылды. Сөйтіп ол қарашада Түркістанда өтетін финалға жолдама алды. Дода барысында спортшылар Халықаралық гроссмейстер Нұрлан Ибраевтың шеберлік сағатына қатысты. Ол бір уақытта он қарсыласпен ойын өткізді. Павлодар "Шахмат керуенінің" жолындағы бесінші қала.
Бақыт Жанғабылов, турнир жеңімпазы:
- Әрине бәрімен бірдей ойнау мүмкін болмады. Соған қарамастан жарыс мен үшін сәтті аяқталды. Қарсыластарым өте қарымды жастар екен. Жылдам және епті. Төтеп беруге тура келді. Ойын нәтижесінде мен 2 және 4-турда жеңіліп қалдым. Ал келесі турларда бар ынта-жігерімді салып, бірінші орынға ие болдым.
Марат Есенов, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті:
- Біз енді үлкен жоба мектептегі шахмат жобасын іске асырып жатырмыз. Ол мақсатымыз вариативтік ретінде мектепте аптасына бір рет шахматты пән ретінде беру. Біз осы екінші, үшінші, төртінші сыныптарда сабақ беріп одан кейін ол шахматта жақсы көрсеткіштер болып жатса басқа мектептерде жалғастыруға мүмкіншіліктері бар. Жаттықтырушыларды мынау бастауыш мектептегі мұғалімдерге де семинарлар өткізіп оларға серт.