Аян Бейсенбаев – қола жүлдегер

Қытайдың Ханджоу қаласында Азия ойындары жалғасып жатыр және жаңа триатлоннан ұлттық құрама қоржынына кезекті жүлде түсті.

Ел намысын қорғаған Аян Бейсенбаев сәтті өнер көрсетіп, жалпы есепте алдыңғы үштіктен табылды. Алтын және күміс медаль жапон жігіттеріне бұйырды. Осылайша Қазақстан құрамасыныҢ жалпы жүлде саны 22-ге жетті. Оның үшеуі алтын, үшеуі күміс. Қалғандары қола медаль. Осының арқасында жарысқа қатысып жатқан 45 елдің арасында 11-ші орында тұрмыз. Кезекті жарыс күні енді басталды. Қазақстандық қыз-жігіттер бүгін нысана көздеу, жеңіл атлетика, семсерлесу және жүзуден жүлдеге қол созып көреді.

Айта кетейік, Ханджоу қаласындағы ойындар 9-шы қазанда аяқталады.