Astana Open ATP 250 турнирінде Бублик алғашқы кездесуін өткізеді

Astana Open ATP 250 турнирі күн санап қыза түсуде.

Кеше отандасымыз Михаил Кукушкин жұптық сында өнер көрсетті. Белоруссиялық Егор Герасимов екеуі нидерландтық Хасе мен Ван де Зандшульпке қарсы ойнады. Жеке сында жолы болмаған Михаил Кукушкиннің жұптық сында бағы жанды ма?