Astana Open ATP 250: ширек финал ойындары басталды

Astana Open ATP 250 турнирінің ширек финалдық ойындары басталды.

Алдымен чехиялық Легечка мен сербиялық Меджедович кездесті. Мұнда 0:2 есебімен сербиялық теннисші жеңіске жетті. Бұдан кейін нидерландылық Грикспор мен америкалық Корда ойыны жоспарланған. Сондай-ақ ширек финалға өткендер қатарында француз Маннарино мен Аустрияның үш өкілі – Юрий Родионов, Доминик Тим, Себастьян Офнер бар. Соңғысы кеше Александр Бубликтен басым түсті. Ал эквадорлық Эскобармен бірге жұптық сында өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Александр Недовесов Беар-Павлашек жұбынан ұтылды.

Шыңғыс Сенғажин, спорт комментаторы:

- Бублик айтты ғой, өзі психологиялық тұрғыда дайын болмай шықтым деп. Оны ойын барысында көрдік. Ракеткасын сындырып тастаған сәттер болды, оның үстіне жанкүйерлерге тынышталыңдар деп деп біраз айғайлап, өзінің бір эенергиясын жоғалтып алды. Кешегі ойында нақты бір жеңілісінің себебі психологиялық тұрғыда деп айтатын едім. Әйтпесе ойыннан ұтылған жоқ. Тек психологиялық тұрғыдан ұтылды.