Азия ойындары: Қоржынға тағы бір қола түсті
Еншімізде тағы бір медаль.
Қытай төрінде өтіп жатқан Азия ойындарында батуттық гимнастикадан Викортия Бутолина қола жүлде иеленді. Сондай-ақ бүгін ескек есуден Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров топ жарып, Қазақстан құрмасына төртінші алтынды сыйлады. Қыздарымыз күміс жүлде иеленсе, Тимофей Емельянов пен Кирилл Тубаев қоланы місе тұтты.
Тимофей Емельянов, Азия ойындарының қола жүлдегері:
- Мен көбіне жұптық сында өнер көрсетемін. Бұл мен қатысқан төртінші Азия ойындары. Ұлттық құрама сапындағы 15 жыл ішінде екінші мәрте жекелей сында бағымды сынап тұрмын. Бір жағынан, бүгінгі бәсеке мен үшін дайындық іспетті болды. Бүгін жолым болып, қола жүлдеге іліктім. Ең бастысы ертеңгі жарыс.