Велошабандоз Алексей Луценко Азия ойындарының чемпионы атанды

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржыны бесінші алтынмен толықты.

Спортшы  39,6 шақырымдық жеке жарыста бірінші келді. Екінші орын Қытайдың велошабандозының еншісінде. Үштікті Гонконгтан келген спортшы түйіндеді.