Азия ойындарынан қоржынымызға 9-шы алтын түсті

Қоржынға кезекті алтын түсті.

Қытай төрінде жылдың басты бәсекесі Азия ойындары жалғасып жатыр. Бірер сағат бұрын каратэден медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Әсіресе, 60 келіде өнер көрсеткен Қайсар Алпысбай барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, чемпион атанды. Ол финалда кувейттік Абдулла Шаабахпен жолығып, ұпай көрсеткішімен жеңді. Осылайша Қайсар ұлттық құрама қоржынына 9-шы алтынды салды. Сәйкесінше, жалпы командалық есепте алдыңғы ондыққа кірдік.

Айта кетейік, қазақстандық каратэшілер құрлықтық додада екінші алтыншы жеңіп алып отыр. Күні кеше орта салмақтағы Нұрқанат Әжіқанов та осындай жетістікке жеткен болатын.

Бұған қоса, қазақстандық 61 келідегі Әсел Қанай бүгін қоржынымызға қола медаль салды. Басқа жекпе-жек түрлерінде, атап айқанда, джиу-джитсуда Галина Дауланова, ал әйелдер күресінде Жәмиля Бақбергенова күміс жүлдегер атанды. Көркем гимнасшылар да күміс жүлдеге ие болды. Ел намысын қорғаған Милана Парфилова, Эрика Жайлауова мен Эльжана Таниева 317 де 100 ұпаймен екінші орыннан көрінді. Ал слаломдағы ескек есу шеберлері қос қоланы жеңіп алды. Ханджоу қаласындағы Азия ойындары 9-шы қазанға дейін жалғасады.