Елордада бокстан балалар арасындағы турнир өтті

Болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеу қажет.

Осындай ұстанымды алға тартқан астаналық мамандар 2008 және 2009 жылы туған өрендер арасында қалалық турнир ұйымдастырды. Ерекшелігі сол жарыс 14 салмақ дәрежесінде өтті және халықапралық бокс федерациясының талаптарына сай болды. Ал жеңімпаздары желтоқсан айында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. «Аймақ үздіктері тыңғылықты іріктелуі керек. Әр балаға қарым-қабілетін көрсетіп, толықтай ашылуына жағдай жасау маңызды», - дейді балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Мақсат Аманғазыұлы. Аталған мақсатта осындай форматтағы шағын турнирлерді тұрақты өткізу жоспарланып отыр. Бұған қоса, балаларға қосымша мотивация беру үшін жарысқа қонақ ретінде Мерей Ақшалов, Санжар Тәшкенбай және Нұрбек Оралбай сияқты әлем чемпиондары шақырылды.