Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қызу жүріп жатыр
Ұлы дала дүбірі. Елордадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары осындай ұранмен өтеді.
Байрақты бәсеке тура 1 жылдан кейін қыркүйек айында ұйымадстырылады. Қазір дайындық қызу жүріп жатыр. Дүбірлі додаданың ұраны мен логотипі таныстырылды. Әлемдік аламанға 100-ден аса елден 4 мыңдай спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олар ұлттық және халықтық ойындардың 20 түрінен жарысады. Сонымен қатар бағдарламадан тыс 10 спорт түрінен сайыстар болады.
Көшпенділер ойындары кезінде Астанаға 100 мыңнан аса турист келеді деп күтілуде. Еске сала кетейік, айтулы аламан 2 жылда бір рет өтеді. Бұған дейін ол Қырғыз елінде 3 мәрте және Түркияда 1 мәрте өтті.
Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде алғаш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет өтейін деп отыр. Жалпы бұл ойындар көшпелі халықтар өркениетінің мұрасы ретінде этноспорт, этномәдени қозғалысын дамытуға бағытталады. Осы ауқымды іс-шара арқылы біз көшпелілер тарихын жас ұрпаққа насихаттаймыз. Ежелгі дәстүрлерді жаңғырту арқылы адам мен табиғат арасындағы байланысқа жаңа серпін береміз.