Файтер Арман Оспанов оңтүстікте спорт мектебінің ашылу рәсіміне қатысты

Түркістан облысындағы Керегетас елді мекенінде спорт және өнер кешені пайдалануға берілді.

500 орындық заманауи ғимаратта ауыл балалары үшін бокс, күрес, каратэ және футбол үйірмелері ашылды. Сондай-ақ жастардың қабілетін жан-жақты дамытуға арналған домбыра, қобыз, робототехника сияқты сыныптар құрылды. Кешеннің ашылу салтанатына осы өңірден шыққан белгілі спорт саңлақтары қатысты. Жалпы Төле би ауданы тұрғындарының 49% дене шынықтырумен тұрақты айналысады. Бұқаралық спортты дамыту үшін 400-ге жуық нысан бар. 

Нұрислам Настан, Керегетас ауылының тұрғыны:

- Осы күнге дейін талай жерге қиналып, автобустарға мініп спортқа барушы едік. Бүгін міне өзіміздің ауылымызда спорт кешені ашылды. Құдай қаласа, осы жерден талай чемпиондар шығып әлемде бірінші орынға танытамыз деген үміттеміз.

Арман Оспанов аралас жекпе-жектен спорт шебері:

- Тау жерінен мықты-мықты әлем чемпиондары, чемпион болмаса да елін қорғайтын азаматтар шығады деген ойдамыз. Туымызды биікте желбірететін үлкен азаматтар келеді деген ойдамын.