Дзюдодан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті
Жалпы есепте жетісулықтар топ бастады.
Астанада дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жылдың қорытынды жарысына еліміздің барлық аймағынан 500-ге жуық спортшы жиналған еді. Олар 3 күн бойы 14 салмақта өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың соңғы күні ауыр және аса ауыр салмақтағы белдесулер болды. Нәтижесінде әйелдер арасында 78 келіде ақтөбелік Аруна Жангелдина, ал 78 келіде жетісулық Камила Берліқаш жеңімпаз болды. Ерелер арасында 90 келіде түркістандық Айдар Арапов, 100 келіде қарағандылық Ислам Бозбаев, ал аса ауыр салмақта қызылордалық Еламан Ерғалиев қарсылас шақ келтірмеді. Жалпыкомандалық есепте жетісулық спортшылар 3 алтын мен 2 күміс жеңіп алып, бірінші сатыға жайғасты. Алдыңғы үштікті Ақтөбе мен Маңғыстау облысының командалары түйіндеді.
Айта кету керек, жарыс қорытындысы бойынша алдағы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын ұлттық командамыз жасақталады.