Қазақстан Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді
Қазақстан Ұлттық құрамасы Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді.
Астана-аренада өткен тартысты кездесуге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, футболшыларымызға қолдау көрсетті. Президентпен бірге Димаш Құдайберген, олмипиада чемпиондары, бапкерлер, спорт ардагерлері де ұлттық құрамаға жанкүйер болды. Бұл кездесу Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтті. Осы ойын алдында Қазақстан құрамасының қоржынында 15 ұпай болғанын айта кету керек. Бас бапкер Магомед Адиевтің шәкірттері 8 ойынның бесеуінде жеңсе, үш ойында жеңілген еді. Футболшыларымыз енді Словенияға аттанып, алаң иелерімен кездеседі. Онда жеңіске Еуро-2024 додасына қатысады.