Бейсен Құранбек турнирінің жеңімпаздары анықталды

Талдықорғанда белгілі журналист Бейсен Құранбекті еске алуға арналған шағын футбол турнирі аяқталды.

"Жастар" спорт кешенінде өткен ойындардың нәтижесінде "365 kz" командасы жеңімпаз атанды. Олар бірінші орынға тігілген бір миллион теңгені ұтып алды. "Қарекет" екінші, "Сәнік Алматы" командасы үшінші орынды иеленді. "24 KZ" ойыншылары Сайын Тұрсынов атындағы арнайы жүлдеге ие болса, команда қақпашысы Қанат Базылхан турнирдің ең үздік қақпашысы атанды. Жарысты ұйымдастырушылар алдағы жылы турнирге көршілес мемлекеттердегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін шақырып, халықаралық деңгейде өткізуді көздейді.

Дәуренбек Берікқажыұлы, "365 KZ" командасының қорғаушысы:

- Шынын айтқан кезде мына турнирге келгенімізге өте қуаныштымыз. Өйткені бірінші жыл емес, екінші жыл қатарынан бірінші орын алып жатырмыз. Турнирдің ең бастысы дәстүрлі турнирге айналып бара жатқандығы біз үшін. Өйткені жазда Амангелді Сейтхановтың турнирі болса, қыс түссе осы турнирге дайындалатын боп қалдық. Журналистер осында келіп, ынтымақтастығын көрсетіп, Бейсен ағаның рухына тағзым етіп, соны жаңғыртып отырсақ – ең басты нәрсе осы біз үшін туринирде.