Әлем чемпионы балаларға тегін бапкер болып жүр
Қарағанды облысының Шет ауданында күрес түрлерінен әлемнің 5 дүркін чемпионы 20 жыл бойы балаларды тегін баптап жүр.
Осы уақыт аралығында ол талай спорт шеберін, халықаралық сайыс жүлдегерлерін дайындап шығарған. 62 жасқа келген спортшының өзі де болашақта ардагерлер арасындағы аламанда ел абыройын асқақтатуды көздейді.
Болат Манабаев үйден гөрі жаттығу залында көп уақыт өткізеді. Оған келетін жас спортшылардың да саны көп. Себебі жүздеген медаль, ондаған халықаралық жарыс, 20-ға жуық ел ішіндегі байрақты бәсекеде топ жарған бапкердің жетістігіне қызыға қарайтындар көп. Ол спортқа алдымен өз балаларын, онан соң бүкіл ауыл жастарын тартты.
Дастан Манабаев, Б.Манабаевтың ұлы:
- Кішкентай кезімізден әкеміз қазақша күрестен, самбодан күресті, Қазақстанның түйе палуаны атанды. Содан оқу оқып, осында келген соң татами алып берген соң бізде бастадық. Менің алдымда әкем жаттықтырды. Сосын мен жалғастырдым.
Болат Манабаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
- 20 жыл тегін істедік енді. 20 жылда 1 разрядтан 20-30 бала, 5-6 СШҮ бар, Қазақстанның спорт шебері шықты, өз балалармының 3-і де Қазақстанның спорт шебері. Енді 60- тан асқан соң немереледі дайындап+Мен мысалы қазақша және самбо күресінен жаттықтырушымын. Дастан балам дзюдо күресінен жаттықтырады. Бір ұлым трнеажер, бір ұлым ат спортынан, көкпар, ауадарыспақтан үйретеді.
Бапкер Греция, Кипр, Марокко, Болгария, Польша, Корея секілді әлемнің 10-нан астам елінде сайысқа түсіп, топ жарған. Қазақша күрес, дзюдо, самбо күресі бойынша топқа түсе беретін бірегей тұлға. Күрестің үш түрін қатар алғанда 5 мәрте әлем, 20 мәрте ел чемпионы болыпты. Бір ерекшелігі қайда барса да ас-суын үйден алып кетеді. Оған асыл жары да үйреніп алған. Себебі қазақы тағам бойға қуат, білекке күш беретінін жақсы ұғынады.
Сәуле Боранқұлқызы, Б.Манабаевтың жұбайы:
- Қолдауым енді тамағы уақытымен, шетелге барғанда беталды тамақ іше алмайды. Дұрыс тамақ ішпесе әлі кетіп қалады. Содан үйден тамағын пісіріп, бауырсақ, сары майын салып беремін, соны жеп, өзі алып шығады. Қымыз құйып беремін.
Ардагер спортшы үш ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген. Үш ұлы грек-рим, дзюдо самбо күресінен түрлі жарыс жеңімпазы. Ардагер спортшы болса күрестен бөлек атқа мініп, саят құрғанды ұнатады. Ең ізгі арманы «шәкірттерім арасынан Олимпиада чемпионын шығару» дейді ол.
Дәуренбек Бағдәулетұлы, Зарина Зұлпыхар