Лицензиялық турнирге дайындық
6 лицензияның нешеуін ала аламыз? Қазір қазақстандық бокс жанкүйерлерін осы сұрақ алаңдатады.
Өйткені, жазғы ойындар жақындап қалды және ұлттық командамыздың қоржынында әзірге1 ғана жолдама бар. Оны өткен Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев жеңіп алды. Қалған жігіттер енді жолдамаға қол созып көреді.
Айта кетейік, Париж олимпиадасында бас-аяғы 7 салмақта медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Лицензиялық турнир ақпайын айының соңында Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтеді. Ел намысын қорғайтын спортшылар бірер ай бұрын Қазақстан спартакиадасында іріктелді. Қазір олар Алматы қаласында жалпы физикалық дайындықты пысқытап жатыр. Одан кейін, яғни, жарыс жақындаған тұста жауынгерлік дайындықты басталады. Тіпті, осы аралықта басқа елдің боксшыларымен бірлескен жаттығу өткізуі де мүмкін.
Цитата: Мырзағали Айтжанов, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері:
- Қалған алты лицензияның бәрін алу оңай болмасы анық. Әр салмақта жолдама ала алмай қалған әлемнің мықтылары бар. Олар да барын салады. Бәсекелестік аса жоғары. Бірақ, біз алға қойған мақсатымызды алдымен Италияда, кейін Тайландта орындауға күш саламыз.