Нысана көздеу: Қоржынға 3 жүлде түсті

Нысана көздеу: Қоржынға 3 жүлде түсті

Ел қоржыны тағы 3 жүлдемен толықты.

Нысана көздеуден Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан Азия чемпионатында ел мергендері тағы да жүлделі болды. Бұл жолы 10 метр қашықтықтағы жылжымалы нысананы көздеу бойынша Фатима Ирназарова алтын алды. Ал ерлер бәсекесінде Илья Зотоеев қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ ол Андрей Худяков, Асадбек Назиркульевпен бірге командалық сайыста 2 - ші орынға табан тіреді. Қазір ел құрамасында 4 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль бар.

Цитата: Спортшылар көңілден шықты. Біз жүлделі үш орын мен екі лицензия аламыз деп уәде берген едік. Айтқан сөзімізде тұрдық. Біз ойлағаннан да жақсы өнер көрсетілді. Енді жаттығуды үдете түсу керек. Көп ұзамай Египеттегі әлем кубогына аттанамыз. Кейін елде жаттығу жиынын өткіземіз.