Ардагер журналист Рабат Жәнібеков өмірден өтті

Белгілі спорт комментаторы, ардагер журналист Рабат Жәнібеков өмірден өтті.

Ол 1942 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеген келген. Саналы ғұмырында қазақ телевизиясында абыройлы қызмет атқарды. Комментаторлық мансабын 1973 жылдан бастады. Алғаш жүргізген матчы Мәскеуде өткен Футболдан КСРО Чемпионатындағы "Қайрат" - "Торпедо" кездесуі болды. Рабат аға спорт журналистикасында есімі елге белгілі талай шәкірт тәрбиелеп шығарды. Спорт жаршысы бола жүріп, отандық тележурналистика саласына елеулі еңбек етті. Барлық журналистер қауымы атынан марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз.