Бокстан іріктеу кезеңі сәтті басталды

Италияда өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде жерлесіміз Нұрбек Оралбай кезекті жеңісіне қол жеткізді.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшымыз Тоголық Преда Пабававимен кездесіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Бұл Нұрбектің екінші жеңісі. Осыған дейін Қазақстан сапынан Наталья Богданова алғашқы кездесуін өткізген еді. Лицензиялық бәсекені сәтті бастаған қызымыз 66 келіге дейінгі салмақта аргентикалық Лорена Бальбуэнаны 4:1 есебімен ұтты. Алуа Балқыбекова да келесі айналымға жолдама алды. Ол 50 келі салмақта шаршы алаңға шыққан чехиялық Клаудиа Тотованы 5:0 есебімен тізе бүктірді.