Бокстан халықаралық турнирге дайындық

4 елдің үздіктері Астанаға жиналды.

Бүгін бұнда бокстан Бақтияр Артаевтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир басталады. Жасөспірімдер арасындағы жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан 300-ге жуық қатысушы жиналды. Олар 2 жас деңгейінде өзара мықтыны анықтайды. Халықаралық турнирдің ашылу салтанатында кәсіпқой бокстан көрсетілімдік жекпе-жек өткізу де жоспарланып отыр.

Айта кету керек, бұндай жаңашылдық алғаш қолға алынды. Оның аясында шаршы алаңға қазақстандық Бақберген Әлиасқаров пен өзбекстандық Жавохир Абдурахимов шығады. Орта салмақтағы қос боксшы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Енді жас былғыра былғары қолғап шеберлері 4 раундық жекпе-жекте қолғап түйістіріеді. Ресми шараға олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың өзі қатысып, барлығына сәттілік тіледі. Астанадағы халықаралық турнир  29-шы наурызға дейін жалғасады.