Қазақстан семсерлесуден Грузиядағы әлем кубогінде қола алды

Шпагамен семсерлесуден Тбилисиде өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан командасы қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Еске салсақ, Грузияның астанасында Әлем кубогінің шешуші кезеңі өтті. Қазақстанның бәсекедегі басты қарсыласы саналған Оңтүстік Корея, біздің құрамадан 26 ұпайға қалып қойды. Ал шешуші сында Италия командасымен қарсыласып, біздің құрама 45:35 есебімен басым түсті.