Қазақстандық ескекшілер 2 алтын алды
Оңтүстік Кореяда академиялық ескек есуден Азия кубогында ел құрамасы 2 алтын ұтып алып алды.
Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет топ жарды. Бұл сайыста Мелани Жакупова, Валентина Волкодавова, Екатерина Носкова және Елизавета Шлейн төрттігі жеңіс тұғырына көтерілді. Жігіттеріміз де ептілік танытып, намысты қолдан бермеді. Ерлер арасындағы жарыста Арслан Сексен, Арыстан Айбеков, Тимур Фомичев секілді ескекшілерден құралған топ үздік шықты.
Екатерина Носкова, академиялық ескек есуден ҚР құрамасының мүшесі:
- Шынымды айтсам, бірінші болып келеміз деп ойламаған едім. Осы спортпен айналысқаныма 3 жыл болды. Бұл жеке өзім үшін үлкен жетістік.
Арслан Сексен, академиялық ескек есуден ҚР құрамасының мүшесі:
- Басында, старт бергенде бәріміз бірге келе жатқанбыз, сосын бір 500 метр өткен соң солға қараймын жалпы олар бізді озып бара жатыр. Кішкенге бір түрлі сезініп қалдым. Ойладым болды деп. Сосын бір километр өткен соң қарасам болды олар кішкене отыра бастады. Финишқа жақындаған кезде біз алда болдық.