Елдос Сметовтің тарихи жеңісі
Елдос Сметов қатарынан үш бірдей Олимпиада ойындарыда медаль алған тұңғыш қазақ спортшысы атанды.
Жерлесіміз Париж төрінде әнұранды шырқатты. Елдос белдесуден кейін біздің арна тілшілеріне эксклюзивті сұхбат беріп, кәсіпқой мансабында, бастан кешкен қиындықтарын айтты. Сонымен қатар жеңіске жетелеген жайттарға да тоқталды.
Елдос ел үмітін ақтады. Оның жүріп өткен жолы және жеңіске деген ұмтылысын тек қазақ елінде емес, төрткүл дүниеде қызу талқылап жатыр. Өйткені бұған дейін ол бірнеше жарақат алып, тіпті, үлкен спорттан кету туралы да ойлаған. Бұған қоса, жасының үлкендігіне және қайратының азайғанына қатысты да сындар болды. Елдос соның барлығын жоққа шығарып, Париж төрінде кезекті рет өз мықтылығын дәлелдеді. Ол әлемдік және олимпиадалық рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары тұрған спортшларды алып ұрып, сенсациялық жеңіске жетті.
Елдос Сметов, дзюдодан Олимпиада чемпионы:
- Бұған қоса ол өзіне ерекше жігер беріп осы биікке жетелеген жандарға алғысын білдірді.
Осылайша Елдос Париж төрінде байрағымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатты.
Ермек Маржықбаев, ҚР Туризм және спорт министрі:
- Елдос Олимпиаданың алғашқы күні қоржынымыға алтын салды және алдағы күндері ел намысын қорғайтын қыз жігіттер осы жеңіс жолын жалғастырады деген сенімін білдірді.
Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары тамыздың 11-іне дейін жалғасады.