ATP 250 Almaty Open турнирінің жеребесі тартылды

Теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан Аюсай шатқалындағы сапар орталығында ATP 250 Almaty Open турнирінің негізгі кезеңінде жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды 24kz.

Оған Тимофей Скатов пен венгриялық теннисші асықтарды қолданды. Жеребе қорытындысы бойынша жарыстың бірінші ракеткасы, америкалық теннисші турнирді бірден екінші кезеңнен бастайды. Тимофей Скатов чехиялық Томаш Махачпен сынға түседі. Ал, Александр Шевченко мен Бейбіт Жұқаев іріктеу жеңімпаздарымен ойнайды.

Диас Досқараев, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті:

- Барша жанкүйерлерді шақырамыз. Ол өте үлкен жарыс – АТР 250. 25 мемлекет, 80 ойыншы, барлық қонақтар, ойыншылар қонып келді. Дайындық сапасы үлкен деңгейде өтіп жатыр. Жеребе тарту шарасы өте маңызды.

Тимофей Скатов, қазақстандық теннисші:

- Жалпы турнир құрамы жақсы. Маусымның соңы болғандықтан, шаршаңқылық та болуы мүмкін, алайда керісінше, осы сәтте бар күш-жігерді жинап, үздік нәтиже көрсету үшін барымызды салуымыз керек. Менің қарсыласым – чехиялық Томаш Махач. Ол Шанхайда өтіп жатқан сайыста жартылай финалда өнер көрсетті. Әрине, ол мықты ойыншы.