Ш.Рахмоновтың келесі жекпе-жегі ресми жарияланды
Шавкат Рахмонов чемпиондық атаққа таласады.
Аралас жекпе-жек шебері 7 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада көптен күткен жекпе-жегін өткізеді. Бұл жөнінде UFC президенті Дана Уайт ресми мәлімдеді. Шавкаттың қарсыласы жартылай орта салмақ чемпионы Белал Мухаммад. Қазір Белалдың еншісінде 24 жеңіс бар. Ол алты кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. Америкалық спортшы соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың шілдесінде Манчестерде өткізіп, Леон Эдвардстан басым түсті. Әрі жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанған болатын. Ал Шавкат 2023 жылдың желтоқсанында Стивен Томпсонды екінші раундта сұлатып, аралас жекпе-жектегі 18-жеңісіне қол жеткізді.