Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Словениядан жеңіліп қалды
Ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында Словенияға қарсы ойында жеңіліс тапты.
Байрақты бәсеке Алматы орталық стадионында өтті. Словения құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Қақпаға жалғыз голды Ян Млакар соқты. Қазақстан командасы енді 14 қарашада өз елімізде Австрия құрамасына қарсы ойнайды.