Алматыда теннистен АТР 250 санатындағы халықаралық турнир өтіп жатыр
Әмір Маймұратов пен Тамара Ұлжабаева – күміс жүлдегер. Қытайдың Тайань қаласында құзға өрмелеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Әсіресе «жылдамдық» бағытында қос спортшымыз жүлдеге ілікті.
Теннистен халықаралық турнир
Скатов пен Шевченко ширек финалға шықты. Алматы қаласында теннистен АТР 250 санатындағы халықаралық турнир өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге қатысушылар арасында әлемдік рейтингте үздік отыздықтың қатарына енген спортшылар да бар. Негізгі кезеңде Қазақстан атынан Александр Бублик ойнайды. Сонымен қатар, Михаил Кукушкин де жарысқа қатысуға мүмкіндік алды. Ол іріктеу кезеңінде Өзбекстандық Хумаюн Сұлтановты ұтты. Есеп: 6:4, 6:4. Ал Әмір Омарханов негізгі кезеңге шыға алмады. Қазақ жігіті британиялық Дэниэл Эвансқа есе жіберді. Бұған қоса, жұптық сында қазақстандық Тимофей Скатов пен Александр Шевченко сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды. Олар америкалық Эван Кинг пен Риз Штальдер жұбын айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 6:1, 7:6. Алматы қаласындағы теннис турнирі 20-шы қазанға дейін жалғасады. Ал, оның жалпы жүлде қоры 1 млн доллардан асады.
Әлемдік рейтингте көтерілді
Әмір 12-ші орынға көтерілді. Халықаралық теннис федерациясы соңғы жарыстарды саралап, әлемдік рейтингті жаңартты. Оған сәйкес қазақстандық Әмір Омарханов 15-ші орыннан 12-ші орынға жоғарылады. Айта кету керек, ол бірер апта бұрын ITF Juniors турнирінде топ жарған болатын. Қытайдағы әлемдік аламанда жерлесіміз қарсылас шақ келтірмеді. Финалда ұлыбританиялық Оливер Бондингті жеңді. Әмір осылайша ITF Juniors турнирлерінде 6-шы мәрте жеңіске жетіп отыр. Атап айтқанда, Таиландта, Кореяда, Мысырда, Грузияда және өзінің туған жері Қарағандыда өткен жарыстардада жеңімпаз атанды. Жасөспірімдер арасындағы рейтингте тағы бір қазақстандық Заңғар Нұрланұлының да жағдайы жақсарғанын байқадық. Ол 55 саты жоғарылап, жалпы есепте 94-ші орынға жайғасты.
Халықаралық жарыста жүлдеге ілікті
Қорыжынымызда 9 медаль. Оның 4-еуі алтын. Гонконгта эстетикалық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтті. Оған 13 мемлекеттің өкілдері қатысты. Араларында қазақстандық спортшылар да бар. 12 және 14 жас аралығындағы қыздар бәсекесінде ұлттық құрама өкілдері сәтті өнер көрсетті. Әсіресе, астаналық гинасшылар бәсекелестік деңгейі жоғары саналатын командалық сында екінші орынға тұрақтады. Ел намысын Самира Таубаева, Айя Амангельді, Асель Бегалы, Малика Бірімжар, Айя Елеусінова, Рамина Рахымбаева және Лунара Қалтаев қорғаған болатын. Команда капитаны - Жасмин Жұманова. Осы санаттағы негізгі бәсеке Қазақстан, Сингапур және Ресей командалары арасында болды. Жүлдеге ілікккен спортшыларды елорда әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды.
Зарина Жұманова, қазақстандық топ өкілі:
- Біздің қыздар бірінші рет шетелдегі жарысқа қатысты. Алдағы уқаытта да осы қарқынды жоғалтпай, байрақты бәсекелерге шығып тұрамыз. Эмоцияға толы турнир болды. Ең бастысы қыздарымыз сәтті өнер көрсетіп, үмітімізді ақтады.
Қысқы Азия ойындарына дайындық
Қысқы Азия ойындарына дайындық қалай? Бұл сұрақтың жауаты спортқа жауапты министрлік қабырғасында талқыланды. Ведмоство басшысы Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен ұлттық құраманың әзіргіліге арналған жиын өтті. Айта кетейік, қысқы кешенді жарыс 2025 жылдың 7-ші және 14-ші ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылады. Осы бірер айдың ішінде тыңғылықты дайындалып, қалыптасқан мәселелерді ашық талқылау керекпіз деді министр. Ал, қысқы спорт түрлері бойынша федерациялардың өкілдері, оның ішінде бас хатшылары, мемлекеттік жаттықтырушылары және ел намысын қорғайтын командалардың бас жаттықтырушылары өз жоспарланымен бөлісіп, дайындық барысын баяндады. Бұған қоса, кейбір пролемаларға арнайы тоқталды.
Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:
- Ел намысы сыналатын осындай халықаралық додаларда ұлттық құраманың табысты өнер көрсетуі Қазақстанның имиджін көтереді. Қысқы Азия ойындарында біздің спортшылар тәуір нәтиже көрсетіп жүр. Сондықтан алдағы байрақты бәсекеде де жоғары жетістікке жету үшін бар күшімізді салу қажет.