Азия чемпионаты: Тағы бір боксшымыз ширек финалға шықты
Тағы бір боксшымыз ширек финалға шықты, деп хабарлайды 24kz.
Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде әйелдер сапынан Ұлжан Сәрсенбек бақ сынады. 57 келіде жұдырықтасатын жерлесіміз 1/8 финалда Украина спортшысы Карина Вовктан айласын асырды. Енді бұрымды қызымыз ширек финалда вьетнамдық спортшымен жұдырықтасады. Ал Алуа Балқыбекова болса жарыстан шығып қалды. 50 келіде сынға түсетін Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі сырқатына байланысты сары құрлық додасындағы жекпе-жегінен бас тартты.
Айта кетейік, осыған дейін ширек финалға ерлер құрамасынан Оразбек Асылқұлов, Бейбарыс Жексен және Дулат Бекбауов шыққан болатын.