2024 жыл параспортшылар үшін табысты болды

Өтіп бара жатқан жыл отандық параспортшылар үшін табысты болды.

Бұл жөнінде Сенат Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев Федерация спортшыларымен және жаттықтырушы құраммен кездесуде айтты. Елде ашық республикалық турнир, чемпионат және ел Кубогы үшін жарыстар және бірнеше маңызды іс-шара ұйымдастырылған. Жаттықтырушылар мен төрешілер ресми аттестациялаудан өтті. Бұл спортшыларды халықаралық стандарттар бойынша жаттықтыруға жол ашады. Осы орайда Сенат спикері елде инклюзивті орта қалыптастыру үшін мемлекет тарапынан көптеп көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.

Мәулен Әшімбаев, Қазақстан бочча федерациясының президенті:

- Спортшыларымыз отандық және әлемдік жарыстарда белсенділік таныта білді. Осы ретте боччадан халықаралық челленджерлерді ерекше атап өткім келеді. Сол сайыстарда Қазақстан құрамасы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Сондай-ақ елімізде боччашылар қауымдастығының даму қарқыны көңіл қуантады. Қазіргі таңда 20 өңірдің 11-інде бочча үйірмелері ресми түрде жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта бүкіл елді қамтуды жоспарлап отырмыз.