Қазақстандық жеткіншек әуелетіп доп тебуден әлемдік рекордсмен атануы мүмкін
Түркістан облысында тұратын 14 жасар жеткіншек әуелетіп доп тебуден әлем рекордын жаңартуы мүмкін.
Қазығұрттық Мейрамбек Сілеусінов допты жерге түсірмей, 7994 рет тепті. Спорт сарапшылары бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш деп отыр. Себебі атақты аяқдопшы Месси мен Роналдудың өзі әуедегі допты 4 мыңнан артық тебе алмаған. Мейрамбектің 8 мыңға жуық доп тебуіне 2 сағаттан астам уақыт кеткен. Алайда бұл рекорд әлі құжат түрінде бекітілген жоқ.
Бұл Мейрамбектің соңғы қатысқан жарыста түсірілген видеосы. Әуелете доп тебуден Ордабасы футбол академиясы ұйымдастырған сайыста Мейрамбек өзінің ғана емес, әлемдегі аяқ доп шеберлерінің рекордын жаңартты. Бұған дейін әуелете доп тебуден ең үздік көрсеткіш брзилиялық әйгілі футболшы Роналдиньоға тиесілі болған. Ол допты жергі түсірмей 7432 рет тепкен. Ал Мейрамбектің көрсеткіші 7994.
Мейрамбек Тойлыбаев, оқушы:
- Мен жарысқа 1 аптадай дайындалдым. Азанда сабаққа кетемін түсте келем. Күнде 2-3 мың ұрып тұрамын. Жарысқа барып қорқыныш ешқандай сезім болған жоқ. 8 мыңды істеймін дедім, кейін бас жүлдені алдым.
Мейрамбектің ала допты серік еткеніне 3 жылдан асты. Оны спорттың бұл түріне ағасы Бекарыс баулыған. Ол інісінің ерекше қабілетке ие екенін байқап күн сайын бос уақытында топ тебуді үйреткен.
Бекарыс Тойлыбаев, Мейрамбектің ағасы:
- Мейрамбек өзі жастайынан допқа құмар болып ойнап өсті. Бірте-бірте қызығушылығын байқадым. Байқағаннан кейін әрмен қарай қызығушылығын ояту мақсатында профессионалный доптар алып дайындығын күшейте бастадық. Жалпы жетістікке жету үшін ең алдымен шыдам керек. Адам шыдаса ғана бәр нәтижеге жететіні анық.
Мейрамбектің рекорды әзірге құжат жүзінде бекітілмеген. Бірақ оның 3 сағатқа жуық допты түсірмей тепкенін дәлелдейтін видеолары бар. Егер рекордтар кітабына енгізу үшін қайта доп тептірсе оған да дайын. Ал оқушының осы көрсеткішіне қарап оны үлкен футбол клубтары шақырта бастаған.
Арман Пірманов, Ордабасы футбол академиясының өкілі:
- Біздің ойымыз қазір бұл баланы ауданнан алып келу керек. Ағасына да айттық. Енді ағасы жақында қалаға көшіп келіп осы жаққа інісін алып келеді Шымкентке. Содан кейін біз академияға алып барамыз. Ол жерден жақсы ойнап кетіп жатса өзіміздің Ордабасыға алып кетеміз. Ары қарай жататын жерін де, тамағын да барлығын Ордабасы, Оңтүстік академия төлейді.
Теңбіл допты аяғымен ұршықша иірген жеткіншектің жетісігі аз емес. 8-сыныпта оқитын Мейрамбек болашақта Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында ойнауды армандайды. Сонымен қатар әуелете доп тебуден өз рекордын 10 мыңға жеткізіп, әлемде бірінші болуды қалайды.
Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш