Спортшыларымыз Қысқы Азия ойындарына дайындалып жатыр
Бірер аптадан кейін Қысқы Азия ойындары басталады.
Бұл ересек спортшылар арасындағы кешенді жарыс және алдағы олимпиадаға негізгі дайындық. Лицензия алған спортшыларымыздың саны белгілі. 139.
Олар қазір қызу дайындыққа кірісті. Оның барысы қалай, ұлттық құраманың әлеуеті қандай және жалпы отандық спортқа қатысты нендей жаңалықтар бар?
Бір айта кетерлігі Харбин қаласы бұған дейін 1996 жылы да осы Қысқы Азия ойындардын қабылдады және Қазақстан құрамасы алғаш рет осы бәсекеге қатысқан болатын. Ұлттық құрама спортшылары содан бері құрлықтық додаға тұрақты барып, бас-аяғы 78 алтын, 62 күміс және 52 қола жеңіп алды. Әсіресе шаңғы, биатлон, шаңғыбмен бағдарлау, тау шаңғысы, фристайл, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, бенди және шаңғымен тұғырдан секіруден медаль алып жүрміз. Сәйкесінше биыл да дәл осы бағыттардан жүлде күтіледі.
Қай спортта көп алтын медаль алдық?
1.) Шаңғы 26 алтын
2.) Биатлон 19 алтын
3.) Шаңғымен бағдарлау 8 алтын
4.) шайбалы хоккей 7 алтын
5.) тау шаңғысы 5 алтын
Біз қызығы жоғарыдағы тізімде шорт-трек шеберлері жоқ. Яғни, аламыш спорттан бүгінге дейін Азия ойындарының бірде-бір алтынын жеңіп алмаппыз. Ал, бұл бағыт біздің елде, басқа қысқы спорттарға қарағанда, өте жақсы дамыған. Байрақты бәсекелерде, оның ішінде, әлем ченпионаты болсын, олимпиада ойындары болсын, негізгі үмітті осы бағыт өкілдеріне артамыз. Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын қыз-жігіттер биыл Азия ойындара топ жарып, тарихи нәтиже тіркеуді көздейді. Қазір ұлттық құрама Астана қаласында дайындықты пысықтап жатыр. Құрлықтық додада ел намысын қорғайтын команда ішкі біріншілікте іріктелді. Атап айтқанда, ерлер арасында Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен және Глеб Ивченко жарыс алаңына шығады. Әйелдер арасында Ольга Тихонова, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Мадина Жанбусинова және Зейнеп Құмарқан жүлдеге таласып көреді. Олардың шеберлігін шыңдау үшін Нидерландыдан арнайы маман шақыртылды. Тәжірибені толыстыру үшін қосалқы құрамды да осында алдыртып, бірлескен дайындық жүргізіп жатыр. Азия ойындардындағы бәсекелстік олимпиададан кем болмайды. Өйткені, бұнда басты қарсыластырымыз Корея, Қытай және Жапония құрамалары бар. Десе де, біздің қыз-жігіттер де аянып қалмай, мұз алаңда барын да, жанын да салады дейді Мәдіғали Қарсыбеков.
Мәдіғали Қарсыбеков, шорт-тректен ұлттық құрама бас бапкерінің кеңесшісі:
Сонымен қысқы Азия ойындарына 139 спортшымыз қатысатынын айттық. Бұл салыстырмалы түрде, тәуір көрсеткіш. Тәуелсіздік алған жылдардан бері 6 рет байрақты бәсекеге қатысыппыз. Ең алғашқы, яғни 1996 жылғы жарысқа 83 спортшымыз барды. Ал, ең жоғары көрсеткіш өзіміздің елде өткен Азиядада тіркелді. 2011 жылы 169 спортшымыз бақ сынады. Жалпы есепте үнемі алдыңғы бестіктен көрініп жүрміз. Биыл да аталмыш жетістікті қайталау жоспарланып отыр.
Қысқы Азия ойындарына қанша спортшымыз қатысты?
Жапония 2003 жыл - 90 спортшы
Қытай 2007 жыл - 104 спортшы
Қазақстан 2011 жыл - 169 спортшы
Жапония 2017 жыл - 116 спортшы
Қытай 2025 жыл - 138 спортшы
Теннисші Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты
Әмір үшінші айналымға шықты. Мельбурн қаласында теннистен жылдың басты бәсекесі Австралия ашық біріншілігі жалғасып жатыр. Қазақстанның ересек спортшылары іріктеу кезеңінен аса алмай, жарысты ерте аяқтады. Ал жасөспірімдер арасындағы бәсекеде жерлесіміз Әмір Омарханов өте сәтті өнер көрсетіп, келесі кезеңге жолама алды. 17 жастағы қазақ баласы екінші айналымда австралиялық Юмерали Ибраимиден басым түсті. Қорытынды есеп: 6:4, 6:3. Енді ол ширек финалға шығу үшін швециялық Виллям Режхтман Винцигаррамен кездеседі. Айта кетейік, Әмір Омарханов бұған дейін ITF Juniors турнирлерінде 6 мәрте жеңіске жетті. Атап айтқанда, Қытайда, Таиландта, Кореяда, Мысырда, Грузияда және өзінің туған жері Қарағандыда өткен жарыстарда жеңімпаз атанды. Соның арқасында жуырда ғана әлемдік рейтингте көтеріліп, кәсіпқой мансабында алғаш рет алдыңғы бестікке кірді. Нақтырақ айтқанда, қазір ол 4-сатыда тұр.
«Астана» клубы қатарынан 26 мәрте жеңілді
26 ойын, 26 жеңіліс. «Астана» баскетбол клубы биылғы маусымды өте сәтсіз өткізіп жатыр. Ресейдің ВТБ лигасында өнер көрсететін қазақстандық команда бұл жолы Красноярск қаласының «Енисей» клубымен кездесті. Астанада өткен матчта қонақтар ә дегеннен белсенді болып, айқын басымдық танытты. Қорытынды есеп: 63:78. Нәтижесінде, 26 турдан кейін «Астана» бірде бір ұпай жинай алмай турнир тізіміндегі 12 команда арасында ең соңғы сатыға жайғасты. Глеб Плотников баптайтын жігіттер енді келесі кездесуін 26-шы қаңтарда өткізеді. Сырт алаңда Нижний Новогород қаласының «Пари» клубымен кездеседі.