Фристайлшы А.Городко әлем кубогі жарысында жүлдеге ілікті
Осы аптада қысқы Азия ойындары басталады.
Ел намысын қорғайтын спортшылар Қытайдың Харбин қаласына аттанып кетті.
Бір бөлігі дайындық ретінде құрлықтық және әлемдік додаларға қатысып, тіпті, жеңіс тұғырынан да көрініп жатыр.
ФОТО YOUTUBE.COM/ FIS FREESTYLE SKIING
Анастасия Городко әлем кубогында жүлдеге ілікті. Канаданың Вал-Сент-Ком аймағында фристайлдан ересектер арасындағы бәсеке басталды. Бұл жарысқа еліміз атынан үш бірдей спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде Анастасия Городко параллель могулда өте сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе жартылай финалда олимпиада чемпионы франициялық Перрин Лаффоннан асып түсті. Ал финалда АҚШ өкілі Джейлин Кауфпен бірге жарыс жолына шығып, екінші орынға тұрақтады. Яғни, алтын жүлде Джейлин Кауфқа, күміс жүлде Анастасия Городкоға, ал қола жоғарыда айтқан Перрин Лаффонға бұйырды. Қазақстандық басқа қыздардың да көрсеткішіне тоқтала кетейін. Жарыс қорытындысы бойынша Юлия Галышева 9, ал Аяулым Әмренова 13-орынға тұрақтады.
Руслан Мәдиев чемпиондық белдігін қорғады
Руслан Мәдиев чемпиондық белдігін қорғады. Таиландтың Бангкок қаласында қазақстандық жігіттердің қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтті. Ең басты жекпе-жек жерлесіміз Руслан Мәдиев пен филиппиндік Али Канега арасында болды. Қос мықты жартылай орта салмақта WBA Asia чепмпиондық беллігін сарапқа салады. Кездесу 10 раундқа созылды және нәтижесінде төрешілер шешімімен Руслан жеңімпаз атанды. Осылайша Руслан Мәдиев өзінің чемпиондық белдігін қорғап қалды. Айта кетейік, бқл қавзақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі 19-кездесуі. Оның 17-сінде жеңіске жетіп отыр. Русланнан бөлек кәсіпқой бокс кешінде ирфин промоутерлік компаниясыны қанаты астындағы басқа да боксшыларымыз, атап айтқанда, Армат Арманұлы, Нұрдос Төлебай және Елшат Нығметулла жекпе-жек өткізіп, олар да қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты.
«Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» табысталды
Мұстафа Өзтүрік жүлдесі. Қазақстан таеквондо федерациясы жылдың ең үздік спортшылары мен бапкерлеріне дәл осындай атаумен арнайы сыйлық табыстады. Бастама алғаш қолға алынып тұр. Мақсат - қазақ еліне таеквондоның келуіне және дамуына үлес қосқан ұлы тұлғаны есте сақтап, кейінгі буынға насихаттау дейді ұйымдастырушылар. Сонымен, өткен жылдың қорытындысы бойынша спортшылар арасында Марья Севостьянова, Рита Бакишева, Самирхон Абабакиров және Батырхан Төлеуғали осы сыйлыққа лайық деп танылды. Бапкерлер арасында Есбол Сұлтанов, Нұржан Есілбаев, Нұрболат Жаңбыров және Жалғас Бекқасымов марпатталды. Дәл осылай Паратаеквондодан және сурдотаеквондодан да жақсы нәтиже тіркеген спортшылардың еңбегі ескеріліп, Мұстафа Өзтүрік жүлдесі табысталды.
Құдірет Игнатұлы, Қазақстан таеквондо федерациясының президенті