Олар қолдан жасайтын туындыларын ұлттық нақышта шығарады. Мейлі ол киім болсын, бұйым не картина болсын. Дәстүрден танбай, қолөнердің қадірін арттырып, заманауи технология тілімен үндестіріп жүрген сәнгерлер, қылқалам шеберлері мен қолданбалы өнер иелері көп бүгін де. Солардың бірі Маңғыстау өңірінің тұрғыны Нұрияш Ниязова. Ол 1985 жылы сән үйін ашып, ұлттық бұйымдарды заманға сай етіп қайта жаңғыртуды шешті. Осылайша Нұрияш Ниязова Қазақстанда этно стильді дамытуды қолға алған алғашқылардың бірі болды.