Бұл өңірде геологиялық іздеу-барлау жұмыстары өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында жүргізілді. 1986 жылы мұнда күрделі құрылыс бөлімі, ал бір жылдан кейін «Құмкөл» мұнай-газ өндіру басқармасы құрылып, аймақтағы алғашқы мұнай мұнарасы бой көтерді. 90-шы жылдардың ортасына қарай Құмкөл кенішін игеруге шетелдік инвесторлар тартыла бастады. Инвестициялар ағыны өндірістік мәселелерді шешуге, компанияның табысты дамуына септігін тигізді. Жалпы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы Оңтүстік Торғай иініндегі жаңа аймақтардағы геологиялық барлау жұмыстарын тоқтатқан емес. Қазіргі таңда компанияға қарасты 16 кен орны бар. 2003 жылы компания мұнайын сыртқы нарыққа шығару үшін жаңа тасымалдау бағытын қамтамасыз ететін ірі жоба іске асырылды. Бүгінде бұл өндіріс ошағының қарқыны қандай?