Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды. Команда мүшелері: Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев. Олардың уақыт көрсеткіші 25:19:49. Алтын медальді Оңтүстік Корея құрамасы иеленді ( 23:13.71), ал күміс медаль индонезиялық пара велоспортшылар еншісінде (25:12.17). Сонымен қатар, Раушан Қойшыбаева Азия пара ойындарының күміс жүлдегері атанды. 73 кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық атлет Раушан Қойшыбаева 119 кг зілтемірді көтеріп күміс медаль жеңіп алды.