Бейжің Олимпиадасында биатлоннан ерлер арасындағы жекелей сын аяқталды, деп хабарлайды Оlympic.kz. Бұл сында Қазақстан атынан екі спортшы жарыс жолына шықты. Владислав Киреев ату кезінде мүлт кетпей, 25-орын иеленді. Ал Александр Мухин атудан төрт рет қателесіп, 52-орынға табан тіреді. Бұл бәсекеде Олимпиада чемпионы атағын француз Кентен Фийон Майе жеңіп алды. Күміс медаль Беларусь өкілі Антон Смольскийге, қола жүлде норвегиялық Йоханнес Бенің еншісіне жазылды.