Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада жүлделерін сарапқа салатын үшінші күн. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері де жарыс жолына шығады. Спортшы қыздарымыз екі түрлі сайыста бақ сынайды. Нақтырақ айтқанда, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:30-да конькимен жүгіру бойынша, іле шала сағат 15:00-де биатлоннан сынға түспек. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!