Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Top Rank промоутерлік компаниясына ескерту жасады, деп хабарлайды Prosports.kz. «Маған бұл постер ұнамайды. Мен бірінші тұруым керек. Менің есімім бірінші тұруы қажет», – деді Әлімханұлы (9-0, 5КО). Оған америкалық Роб Брантқа (26-2, 18КО) қарсы жекпе-жектің ресми постері ұнамаған. Оны бұған дейін Twitter-де Top Rank промоутерлік компаниясы жариялаған еді. Әлімханұлы компания басшысы Боб Арумға жаңа жекпе-жек туралы ойлай беруді ұсынды, себебі Брантқа қарсы кездесуді оңай деп санайды. Сондай-ақ қазақстандық боксшы биыл қыркүйекте екінші орта салмақта WBA чемпионы жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 KO) кездесуді қалайтынын айтты. Еске салайық, Әлімханұлы – Брант жекпе-жегі 26 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтеді.