Ақтауда оқушылар мен студенттер арасында тоғызқұмалақтан командалық ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Ұлттық спорт сайысында екі қала және сегіз өңірден келген 80-ге жуық спортшы бақ сынайды. Облыс немесе қала намысын қорғайтын әр топ 6 ойыншыдан құралған. Чемпионат соңында үздік үштікке кірген командалар Қазақстан құрамасына қабылданады. Сондай-ақ жеңімпаздарды спорттық дәреже мен бағалы сыйлық күтеді. Жалпы жыл басынан бері тоғызқұмалақтан 7 чемпионат, Қазақстан және Азия кубогі өткен болатын. Маңғыстау облысында болып жатқан жарыс 7 қарашада аяқталады. Жандәулет Жанәбілов, жарысқа қатысушы /Алматы/: – Барлық командалар жақсы дайындықпен келген. ҚР чемпионаты болып жатқандықтан әр команда жеңімпаз болғысы келеді. Әрине біздің дайындығымыз да ынтамыз, құлшынысымыз да жеткілікті деп ойлаймын. Дәулет Әбдікәрім, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы: – 80-дей спортшы қатысып отыр дедік қой, соның 3-уі халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2-уі Қазақстан Республикасының спорт шебері. Қалғаны спорт шеберіне үміткер. Бұдан кейін бізде бұйырса, Ақтөбе қаласында VI әлем чемпионаты өтейін деп жатыр.