Белградта жабық ғимаратта жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтуде. Қазақстандық Надежда Дубовицкая әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Надежда Дубовицкая жарыс қорытындысы бойынша 1 метр 98 см нәтиже көрсетті. Осылайша ол биіктікке секіру бойынша әлем чемпионатының қола жүлдесіне иелік етті. Бірінші орынды Ярослав Магучий (Украина) жеңіп алды. Екінші орынға австралиялық Элеонора Паттерсон жайғасты.