Біріккен Араб Әмірліктерінде регбиден Азия біріншілігі басталды. Өкінішке қарай, Қазақстан командасы алғашқы матчта жеңіліп қалды деп хабарлайды Olympic.kz. Бірінші кездесуде Қазақстан мен Жапония құрамалары кездесіп, 19:7 есебімен Күншығыс елінің өкілдері жеңіске жетті. Айта кетелік, Қазақстан А тобында сынға түсіп жатыр. Бұл топта Таиланд пен Филиппин командалары да өнер көрсетеді.