Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрама командасы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлады Olympic.kz. 6 қаңтарда отандық таеквондошылар алғашқы оқу-жаттығу жиынына кірісті. Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында өтетін жиын 29 қаңтарға дейін созылады. Оқу-жаттығу жиынына барлығы 24 таеквондошы шақырту алған. Олар: Самат Темірхан (54 кг); Елжан Елшібай (54 кг); Елдос Ысқақ (58 кг); Қазыбек Бахтиярулы (63 кг); Эльдар Бірімбай (68 кг); Алмат Қожахмет (68 кг); Ерасыл Қайырбек (68 кг); Қайрат Сарымсақов (74 кг); Абдусамат Лес (74 кг); Шыңғыс Сәндібаев (74 кг); Рахим Әділханов (80 кг); Нұрқанат Қожахмет (80 кг); Нұрлан Мырзабаев (80 кг); Сағи Кұлымбет (87 кг); Смайыл Дүйсебай (87 кг); Руслан Жапаров (+87 кг); Бауржан Хасенов (+87 кг); Әйгерім Мұхаметжанова (46 кг); Әсел Усманова (49 кг); Фариза Алдоңғарова (53 кг); Ақсәуле Ерқасымова (67 кг); Нұрай Хусайнова (67 кг); Айгүл Елубай (73 кг); Жансель Дениз (73 кг).