2022 жылғы әлем чемпионатының ойындар кестесі жарияланды. Біріншілік 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазақстан құрамасы Хельсинкиде А тобында ойнайды. Алғашқы матч Дания құрамасымен өтеді. Сондай-ақ топтық кезеңде құрамамыз Швейцария, РОК, Канада, Словакия, Германия және Италиямен кездеседі. Қазақстан құрамасы матчтарының толық кестесі: 14 мамыр, 15:20 Қазақстан – Дания 15 мамыр, 19:20 Қазақстан – РОК 17 мамыр, 23:20 Швейцария – Қазақстан 19 мамыр, 23:20 Канада – Қазақстан 20 мамыр, 23:20 Қазақстан – Словакия 22 мая, 19:20 Қазақстан – Германия 23 мамыр, 19:20 Қазақстан – Италия Нұр-Сұлтан уақыты көрсетілген. Ширек финалдағы екі матч, жартылай финал мен финал «Tampere Deck Arena» стадионына жоспарланған. Ал билеттер 2 қыркүйектен бастап сатылымға түседі.