378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балайым Кесебаева: Интернет-дүкеннен сатып алынған тауарды қайтаруға мүмкіндік бар

  • 270
  • UPD: 21:46, 17.01.2019

Интернет-дүкеннен сатып алған тауар ұнамаса, тұтынушы оны 14 күннің ішінде кері қайтарып, ақшасын ала алады.

Дәл осындай мүмкіндік қарастырылған заң жобасы Мәжілістің жалпы оқылымында мақұлданды. Құжат қабылданған жағдайда, алдағы уақытта электронды сауданың ашықтығы, тауар құны, сатып алған адамның мүддесі толықтай заң жүзінде қорғалмақ. Кәсіпкерлік саласын тағы қандай өзгерістер күтіп тұр?

Мәжілістің жалпы отырысында бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер екінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасының маңыздылығына тоқталған палата спикері Нұрлан Нығматулин құжат Мемлекет басшысының бизнес ортаны одан әрі дамыту тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті. Жалпы, құжатта қандай жаңашылдықтар көзделген?

Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл заң жобасының беретін мәселесі кәсіпкерлік қызметін арттыруға мүмкіндіктер жасайды және сауда-саттық мәселесін реттеу, осы саудаға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ол үшін ішкі сауданы реттеу мәселесі, электронды сауданы дамыту мәселелері бойынша осы электронды сауда кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша нормалар енгізіліп отыр. Тағы бәр мәселе – тауарларды таңбалау мәселесі. Бұл өзі қызу талқылаудан өтті. Көптеген тартысты мәселелерді тудырды. Өйткені тауарларды қадағалау, тауарлардың  заңды айналамын қамтамасыз ету біздің мемлекетімізде және ол тауарлардың айналымын қадағалау, біріншіден, азаматтарға мүмкіндік беретін болса, мемлекетке уәкілетті орган мен адал емес кәсіпкерге, сапасыз сататын кәсіпкерлерге шара қолдануға мүмкіндік береді. Мұның өзі сапасы төмен тауарларды сату кезінде  ол кәсіпкерлік субъектілердің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді деп ойламыз. Бұл қажетті мәселе, тауарларды таңбалау мәселесі. Тауарларды таңбалау кезінде бұл кәсіпкерлерге шығындарын көбейтпей ме деген мәселелер туындады. Бұл Үкіметтің жүргізген талдауының нәтижесінде мұндай шығындарға әкеліп соқпауы қажет және осы қандай тауарлар таңбалауға жатады және ол қай кезден, қай күннен бастап таңбалауға енгізілетін болады? Оны Үкімет анықтайтын болады және осы таңбалауды енгізу кезінде Үкіметпен осы тауарлардың пайдасы жөнінде және ол тауарларды дайындауға кететін шығындар жөнінде міндетті түрде талдау жүргізіліп, сол талдаудың негізінде осындай шешім қабылданатын болады. Сондықтан ол өте қажетті. Бұл заң жобасында кәсіпорынды ашу, несие алу, салық салу құрылысқа рұқсат алу мәселелері бойынша индекаторлардың көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік беретін жүйелі өзгерістер заңнамаға енгізіліп отыр. Мысалы, банктердің кәсіпкерлер осы заң қолданысқа енгізілгеннен кейін шоттарды онлайн түрде қашықтықтан ашуға мүмкіндігі бар және ол банкке бармай-ақ сол қашықтықтан ашқан өзінің шотын ашқан күннен бастап қашықтықтан пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Мұның өзі кәсіпкерлікті дамытуда, қызметін жүргізуде заңды тұрғыдан жақсы мүмкіндіктер беріліп, қолайлы жағдай жасалатын болады.

Сондай-ақ аталған заң жобасы сыртқы сауданы реттеуге де мүмкіндік береді. Атап айтсақ, бізден өзге елдерге тасымалданатын тауарлардың қорғалуын, оның саудалау кезінде бағасының сақталуы да аталған заңнамада қарастырылған. Тағы бір жаңалық – азық-түлік бағасын тұрақтандыуға қатысты да бірнеше жаңашылдық енгізілмек. «Аталған заң жобасы алдағы жазға дейін қабылданады», – дейді депутаттар.

Авторы: Қорған Төреқожа

Осы категория бойынша: Сот жүйесіндегі өзгерістер »
Хабар 24 телеарнасы