384,67 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда демалып, жеңілдік алыңыз

  • 143
  • UPD: 20:47, 01.11.2019

Ел аумағында демалған қазақстандықтарға жеңілдік жасалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туризм туралы заңға осы сынды бірнеше өзгеріс енгізілмек. Саланы дамыту үшін құжатта тағы қандай түзетулер қарастырылған.

Заң жобасына енгізілетін өзгерістер туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тарас Хитуовпен сұхбаттасамыз.

Тарас Киікбайұлы, ел аумағында демалған қазақстандықтарға жеңілдік беру қарастырылған. Ол қандай жеңілдіктер?

Қазақстанымыз кең байтақ ел. Туристер көп келіп жатыр. Соның ішінде біздің тұрғындарымыз шетелге барып демалады. Қазақстанда да демалады. Сол Қазақстандағы демалатын демалыс орындарына шынында жеңілдіктер бар. Заң жобасында жұмыс берушілер өзінің жұмысшысын Қазақстанның ішінде біздің курорттарға барған кезде шығынын өтеуге мүмкіндігі бар. Ол 252 мың теңгеге дейін сыйақы, соны жұмысшыға төлей алады.  

Яғни жұмыс беруші өзінің қызметкерін демалысқа жіберуге міндеттеледі ме?

– Жоқ, міндеттелмейді. Мүмкіндік береді. Жұмыс беруші жұмысшыға демалу үшін қаржы төлей алады. Бұл жерде жұмыс беруші салықтан босатылады. Жаңағы 252 мың теңге, сол деңгейде жұмысшысын демалысқа жіберсе, сонда салықтан босатылады.

252 мың теңгеге қандай туристік қызмет түрлері кіреді?

Жұмыс беруші ол ақшаны демалған жұмысшысына берген ақшасы. Ол жұмысшысы қай жерде пайдаланады: билет сатып алады ма, курортқа барады ма, өзі шешеді. Бірақ сол сомадан аспау керек. Осы 252 мың теңге қаржыны жұмыс беруші салық органы мүмкіндік береді.

– Құжатта «Kids go free» принципімен балалардың ұшып-қону билеттерінің бағасын төлеу қарастырылған. Осы туралы толығырақ айтып беріңізші.

Ол баланың демалысқа тегін баруы. Әке-шешесі Қазақстанның ішінде демалып, екі-үш баласын алып бара жатса, ол балаларға авиабилетті тегін алуға мүмкіндік беріледі. Ол осы заңның ішінде көрсетілген. Ол өкілетті орган заң шыққан соң акті шығарады. Қай мезгілде, қай рейске, қай аэропортта тегін болатынын жазады.

Бұл тек жазғы демалыс уақытында жұмыс істейтін норма ма?

Бүгінгі күні жазғы демалыста. Ертең қалған демалыс күндерінде де балаларды жіберетін мүмкіндік болатын шығар.

Осы категория бойынша: « Сот жүйесіндегі өзгерістер
Хабар 24 телеарнасы