Саран қаласы «моноқала» мәртебесінен шықты
Саран қаласының «моноқала» мәртебесі жойылды.
Оған себеп қала қарқынды дамып жатыр. Индустриалды аймақта көптеген жаңа өңдіріс орындары бой көтерді. Зауыттар экономиканың әр секторына қажетті өнім шығарады. Соңғы жылдары өндіріс көлемі 2,5 есеге артқан.
Саран қаласындағы резина техникалық бұйымдар зауытты қазір автобус құрастырып жатыр. «Qaztehna» зауытына 12 млрд.теңгеге жуық инвсетитция құйылған. Зауыт жылына 1200 қоғамдық көлік жасап шығарады. Жаңа жұмыс орындары ашылды.
Мұхаммедқали Салықов, Саран қаласының тұрғыны:
- Бұл зауыттарды салып жатқан біздің өз азаматтарымыз «Allur» деген компания дейді. Аллаға шүкір солардың бізде жанашырлықпен жұмыс орындарын ашып жатқандарына қуаныштымыз. Жұмыс орындары, зауыт ашылып жатыр, оқу орындары. Бала бақша мен мектеп орындары, көшеде жүретін қозғалыс техниканың барлығы ыңғайлы.
Қалаға көшіп келіп жатқандар көп. Оларға баспана қажет. Сондықтан, біраздан бері қараусыз қалған РТИ ауданы қайта жаңғыртылып жатыр. Бүгінде екі көпқабатты үйге тұрғындар қоныстанды. Тағы екеуі жақында пайдалануға беріледі. 20 үй қайта салынса, оның 16-сы бизнес өкілдерінің есебінен жөнделеді.
Борис Гребенников, Саран қаласының тұрғыны:
- Мен өзім автобус зауытында жұмыс істеймін. Жаңа зауыттар келгелі көп дүние өзгерді. РТИ ауданы қалыпқа келсе, тұрғындар саны да артар еді. Себебі жұмысы да баспанасы да болады.
Жаңа зауыттар бой көтергелі қаланың инфрақұрылымы да қалыпқа келтірілді. Оң өзгерістерді тұрғындар да байқаған.
Ерсін Иманқұл, Саран қаласының тұрғыны:
- Саран өте жақсы қала. Көркейіп келеді. Шина зауыты жұмыс істеп жатыр. Көшіп келіп жатқан адамдар көп Саранға. Өте жақсы қала, өзіме ұнайды.
Жұмабике Тоқышева, Саран қаласының тұрғыны:
- 80 мың адам болған бұрынғы уақытта. Қазір енді соған қарай келе жатырмыз. Зауыт РТИ жақта неше үйде қалыпқа келтірді. Ондада жұмыстар істелді. Освещение де бар.
Индустриялды аймақта 4 ірі жоба жүзеге асып жатыр. Инвестицияның жалпы көлемі 250 млрд теңгеге жуық. Жұмысты бастап кеткен зауыттарда 1300 адам еңбек етуде. Олардың қалада және шетелде білімін жетілдіруге мүмкіндігі бар.
Дәуренбек Бағдәулетұлы, Зарина Зұлпыхар