Қазақстандық май өнімдеріне сұраныс артты
Отандық «Масло-Дел» компаниясының өнімдері Қытай нарығын бағындырып жатыр.
Компания былтыр 40 мың тоннаға жуық өнімді экспорттаған. Тауардың сыртқы нарықққа шығуына KazakhExport Экспорттық-кредиттік агенттігі қолдау көрсетіп отыр.
Отандық нарықта 25 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Масло-Дел» компаниясы қазір 300-ден астам өнім түрін шығарады. Сары май және өсімдік майлары, маргариндер, майонез, кетчуп, томат пастасы мен сүт өнімдері өте сапалы.
Наталья Солохина, «Масло-Дел» ЖШС комбинат басшысы:
- Зауытта сапаны бақылаудың өте қатаң технологиялық тізбегі бар. Қабылданған шикізат толық өңдеу циклынан өтеді. Біз – Қазақстандағы өндірістің барлық сатысы интерграцияланған жалғыз май-майлы және сүт өнімдерін шығаратын компаниямыз.
Компания өнімдерінің шетел нарығына шығуына жақында ғана еліміздің Экспорттық-кредиттік агенттігі болып бекітілген KazakhExport қолдау көрсетіп отыр.
Алмас Қалқаев, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Алматы қ. өкілдігінің басшысы:
- 2019 жылдан бері «Масло-Дел» компаниясы 12,8 миллиард теңгеге жуық қаржылай қолдау алды. Бұл компанияға экспорт көлемін және экспорт географиясын арттыруға мүмкіндік берді.
«Масло-Дел» компаниясы өсімдік майын қазір Қытайдан өзге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Эстония елдеріне экспорттайды.
Әлия Мырзағалиева, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры:
- KazakhExport сақтандыру кепілдігін береді. Яғни, бұл экспорт жасайтын ұйымдарға, кәсіпорындарға түгел экспортты толық көлемде циклын қорғауға болады олар арқылы. Яғни, бұл құралдарды бізде шикізаттық емес кәсіпорындар ала алады.
Экспорттық-кредиттік агенттік 2016 жылдан бері экспорттаушыларға 1 триллионнан астам теңгеге қолдау көрсетті.
Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов.